Хабиб Нурмагомедов, Петр Ян мен Жәнібек Әлімханұлы Головкинге сәттілік тіледі

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек алдында GGG-ге спорт жұлдыздары сәттілік тіледі, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
<span>Головкинге UFC чемпиондары Хабиб Нурмагомедов пен Петр Ян, сондай-ақ орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қолдау білдірді. Олардың бәрі Геннадийдің Instagram парақшасындағы жазбаларының біріне сәттілік пен жеңіс тілейтіні туралы пікірлер қалдырды.</span>
<span>Ян «Жеңіс тілеймін» деп жазса, Жәнібек пен Хабиб сәттілік тілеген. </span>
<span>Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 19 желтоқсанда таңертең Холливудтағы (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino-да өтеді.</span>
