Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы белгілі болды
<span>Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Қоңқабаевтың келесі қарсыласы - украиналық Сергей Радченко. Жекпе-жек кеші 18 желтоқсан күні Алматыда өтеді. </span>
<span>Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын. Әлемдегі індетке байланысты боксшылардың толыққанды жаттығу жасап, жарысқа қатысуына мүмкіндік болмаған соң, ол кәсіби бокста бақ сынауды жөн көрген. </span>
<span>Боксшының өзі бұл қадамға Олимпиадаға дайындықты күшейту үшін барғанын айтты. Кәсіби бокстағы бірінші жекпе-жегінде Қоңқабаев қазақстандық Иса Ақбербаевты ұтқан болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или