Шеремета: Әлемдегі ең үздік боксшылардың бірімен рингке шығамын
Поляк боксшысы, орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер Камил Шеремета (21-0, 5 KO) АҚШ-қа ұшып барды. Ол 18 желтоқсанда титулдың қазіргі иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Ұшаққа отыру алдында поляк Ring Polska-ға алдағы жекпе-жек туралы айтты.
«Мен бұл жекпе-жекті қаладым. Бұл жекпе-жек маған жақын. Мен бұл жекпе-жекке ұмтылдым, сондықтан тек қуануым керек. Мен әлемдегі ең үздік боксшылардың бірімен рингке шығамын. Бастысы мен өзіме сенемін, отбасым мен балаларым сенеді. Балаларыма қарасам, мен мұны солар үшін жасайтынымды білемін», - деді Шеремета.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или