Мұса Тұрсынғалиевтің боксқа оралатын күні белгілі болды
Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) кәсіпқой рингке қашан оралатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Сақадай саймын. 26 желтоқсан, Лос-Анджелес, Калифорния», - деп жазды спортшы Instagram-парақшасына.
Еске сала кетелік, Тұрсынғалиев соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 12 шілдесінде өткізген еді. Сол кездесуде мексикалық боксшы Рикардо Нуньесті (29-12, 23 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или