Әли Ахмедов IBO World белбеуі үшін жұдырықтасады

Әли Ахмедов IBO World белбеуі үшін жұдырықтасады

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (16-0, 12 КО) алдағы жекпе-жегі титулдық статусқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әли Ахмедов рингке Головкин - Шеремета жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. Оның қарсыласы – эквадорлық Карлос Гонгора (18-0, 13 KO). Қос боксшы екінші орта салмақта бос IBO World белбеуі үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, бокс кеші 18 желтоқсанда Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino-да өтеді. Әли Ахмедовке WBC International Silver титулы тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или