Камил Шереметаның бапкері мен командадағы бірнеше боксшы коронавирус жұқтырып алды

Камил Шереметаның бапкері мен командадағы бірнеше боксшы коронавирус жұқтырып алды

Польшалық боксшы Камил Шереметаның клубтастары және бапкері коронавирус жұқтрып алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Белгілі болғандай, Геннадий Головкиннің қарсыласы Камил Шеремета жаттығатын залда COVID-19 инфекциясын бірнеше адам жұқтырып алған. Атап айтқанда, бұрынғы екі дүркін әлем чемпионы Кшиштоф Гловацки (31-2, 19 КО) вирус сынамасы оң нәтиже берген соң 12 желтоқсанда Уэмблидегі SSE аренасында британдық Лоуренс Околиге қарсы ауыр салмақта бос тұрған WBO титулы үшін жұдырықтасудан бас тартуға мәжбүр болды. Аталған спорт залында жаттығатын тағы бір боксшы Федор Черкашин мен Камилдің жаттықтырушы Федор Ляпиндердің де сынамасы оң нәтиже көрсетті деп хабарланды.

18 желтоқсанда 38 жастағы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) орта салмақтағы IBF титулын поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы қорғайды. «Камил де коронавируспен ауырды. Головкинмен жекпе-жек өтеді. Шеремета өзінің жаттықтырушысы Лапинсіз баруы әбден мүмкін. АҚШ-тағы оларға апта ішінде қонақ үйдің белгілі бір аудандарынан шығуға тыйым салынады. Егер командадағы біреу ауырып қалса, бүкіл бригада карантинге түседі. Сондықтан бізге команданың сау болатынына 1000% кепілдік қажет », - деді боксшының промоутері Анджей Василевски.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или