Абылайхан Жүсіпов пен Бекзад Нұрдәулетов Қазақстан чемпиондары атанды

Абылайхан Жүсіпов пен Бекзад Нұрдәулетов Қазақстан чемпиондары атанды

Бокстан Қазақстан чемпионатында 69 және 81 келі салмақ дәрежесінде ел чемпиондары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақтың салмағы саналатын 69 келіде Абылайхан Жүсіпов пен Асланбек Шымбергенов кездесті. Нәтижесінде Асланбектің қабағы жарылып, жарысты жалғастыра алмады. Абылайхан - Қазақстан чемпионы!

81 келіде қарсылас шыдатпаған Бекзат Нұрдәулетов финалда Нұрбек Оралбайды 5:0 есебімен жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или