Дина Жоламан Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы
<span>Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кезең аяқталды деп жазады Olympic.kz. </span>
<span>Бұл салмақтағы ақтық сында Ақмола облысының боксшысы Дина Жоламан мен Алматы облысының өкілі Балауса Мұздиман кездескен болатын. </span>
<span>Тартысты жекпе-жекте 2016 жылғы әлем чемпионы, тәжірибелі Дина Жоламан жеңіске жетті. Бұл Динаның ел чемпионатындағы оныншы алтын жүлдесі екенін айта кету керек. </span>
<span> 54 келідегі қола жүлдені Дәметкен Келімбет (Қызылорда облысы) пен Әйгерім Ошақбай (Жамбыл облысы) иеленді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или