48, 57 және 60 келіде ақтық сынға шыққан спортшылар есімі белгілі болды

48, 57 және 60 келіде ақтық сынға шыққан спортшылар есімі белгілі болды

<span>Әйелдер боксынан 48, 57 және 60  келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық бәсекелер аяқталды.  </span>

<span>48 келіде алтын жүлдеге жамбылдық Аяулым Балқыбекова мен елордалық Арайлым Марат таласады. Аталған салмақта қола жүлде Роксана Гасымова мен Жазира Орақбаеваға бұйырды. </span>

<span>57 келіде Команда үздіктерінің бірі Айжан Қожабекова атыраулық Назым Ищанованы жеңіп, финалда жұдырықтасу мүмкіндігін алды.  Екінші жекпе-жекте Қостанай облысының өкілі Владислава Кухта тәжірибелі Сәния Сұлтанқызынан басым түсті.  Бұл салмақтағы финалдық сында Айжан Қожабекова мен Владислава Кухта кездессе, Сәния Сұлтанқызы мен Назым Ищановалар қола жүлдені қанағат тұтты. </span>

<span> 60 келі салмақта тәжірибелі Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) мен елордалық Римма Волосенко кім мықтыны өзара анықтайды. Қола жүлдені ақтөбелік Айдана Забынбекова мен Жамбыл облысының өкілі Адина Қалдыбай иеленді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или