Абылайхан Жүсіпов: Залда жанкүйерлердің жоқтығы маған қатты сезілген жоқ
Бокстан Қазақстан командасы үздіктерінің бірі, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов ширек финалдағы жеңісіне баға берді деп жазады Olympic.kz.
"1/4 айналымда алматылық жас боксшы, ересектер қатарына енді өткен Дархан Дүйсебаймен кездестім. Жастығына қарамастан, жақсы жекпе-жек көрсетті деп ойлаймын. Болашағы бар боксшы. Ал өзім барлық қарсыласқа бірдей дайындалып келдім. Басты қарсыласым осы еді деп ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін, залға көрермендер жіберілген жоқ. Өзіме жанкүйердің жоқтығы аса қатты сезіліп жатқан жоқ. Келешекте жағдай дұрысталып, қалың жанкүйер алдында сынға түсетінімізге сенемін", - дейді Абылайхан.
Айта кетелік, Абылайхан Жүсіпов 69 келіде жартылай финалға жолдама алды.