Тайсон - Джонс жекпе-жегі. Кім қанша алады
Yahoo! Sports репортер Спорт Кевин Айоле ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсонға (50-6, 44 КО) мен төрт дивизион бойынша экс-әлем чемпионы Рой Джонсқа (66-9, 47 КО) жекпе-жекке шыққаны үшін қанша қаржы төленетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист өзініңTwitter-парақшасында, Тайсон жекпе-жек үшін 10 миллион доллар, Джонстың ақысы 3 миллион доллар болатынын жазған. Бұл сомаларға ақылы эфирлік сатылымдар пайызы кірмейді.
54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Джонстың жекпе-жегі екі минуттан сегіз раундқа созылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или