Попко Сан-Паулудағы Challenger-дің жұптық кезеңінен шығып қалды
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко ресейлік Теймураз Габашвилимен жұптасып Сан-Паулудағы Challenger сериялы турнирде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалдық кездесуде Попко / Габашвили жұбы Роберто Кирос (Эквадор) / Джигермо Дуран (Аргентина) дуэтінен 0:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Дмитрий Попко бұл жарысқа жекелей түрінде ойынын жалғастыра береді. Жартылай финалға шығу ойында қазақстандық спортшы корт иесі Фелипе Мелигени Алвеспен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или