Мадияр Әшкеев: Бұл жекпе-жек - чемпиондық жолдағы ең жауапты сынақ

Мадияр Әшкеев: Бұл жекпе-жек - чемпиондық жолдағы ең жауапты сынақ

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады.

«Алдағы жекпе-жегіме қатысты АҚШ-тағы беделді NBC Sports арнасына сұхбат беріп, жаттығу барысымды таныстырдым. 17-желтоқсанда америкалық Чарльз Конуэллға (13-0, 10 КО) қарсы өтетін айқасымды осы NBC Sports телеарнасы көрсететін болды. Бұл жекпе-жек мен үшін - чемпиондық жолдағы қазіргі ең жауапты сынақ! Жеңіс үшін жан беруге дайынмын!», – деп жазды боксшы парақшасныда.

17 желтоқсанда Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев жергілікті спортшы Чарльз Конуэллмен (13-0, 10 КО) жұдырықтасады

Еске салайық, қазақстандықтың соңғы жекпе-жегі 2019 жылы 9 қарашада Гавайан-Гарденсте өтті. Сол кезде ол Родольфо Мартинесті (44-9-3, 16КО) жеңіп, АҚШ-тың бос тұрған WBC титулын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или