Али Ахмедов Голокин - Шеремета жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтаспақ

Али Ахмедов Голокин - Шеремета жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтаспақ

Болашағынан зор үміт күттіретін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-0, 12КО) кезекті жекпе-жегін Головкин - Шеремета кездесуінің андеркардында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

25 жастағы боксшы бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында таратты. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. Қарсылас әлі белгісіз.

Еске сала кетелік, Головкин - Шеремета бокс кеші 18 желтоқсан күні Флоридада өтеді.

Қазір Али Ахмедов Геннадий Головкинмен бірге Калифорнияда Джонатон Бэнкcтің қол астында жаттығады. Айта кету керек, Әли GGG жекпе-жектерін Promotions компаниясының қолдауымен өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или