Әлем футболы

Диего Марадона көз жұмды

Диего Марадона көз жұмды
news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық Clarin және ESPN Argentina басылымдары аңызға айналған футболшы және жаттықтырушы Диего Марадонаның 60 жасында қайтыс болғанын хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, өлімнің себебі жүректің тоқтауы болған.

Еске сала кетелік, қараша айының басында экс-футболшы ауруханаға түскен болатын. Марадонаға мидағы қан ұюын жою операциясы жасалды. Біраз уақыттан кейін ол ауруханадан шығарылды.

Марадона өз мансабында «Аргентинос Хуниорс», «Бока Хуниорс», «Барселона», «Наполи», «Севилья», «Ньюеллз Олд Бойз» клубтарында ойнаған. Аргентина құрамасы үшін 91 матч өткізіп, 34 гол соқты. Ол - Италияның екі дүркін чемпионы, Аргентина чемпионы, Италия кубогының, Испания лигасы кубогының жеңімпазы, УЕФА кубогының, Испания Суперкубогының, Италия Суперкубогының иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер