Тұрсынбай Құлахмет мәлімдеме жасады

Тұрсынбай Құлахмет мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Ұлыбританияда өткен жекпе-жегінен соң мәлімдеме жасады.

– Британияда өткен титулдық жекпе-жектен кейін аздап демалыс болды, туған жерім Қызылордаға барып қайттым. Алдағы кездесулерге жаңа қарқын жаңа леп қажет. Сондықтан аздаған демалыстың пайдасы мол деп санаймын. Одан кейін дайындыққа кірісіп, бұдан да жоғары биіктерді бағындыру жолында аянып қалмаймын.

Үнемі өздеріңіздің қолдауларыңызды сезініп отырамын. Жанкүйерлердің артқан үмітін ақтау жолында бар күшімізді салатын боламын. Бастысы, еліміз аман болып, індеттен тезірек құтылайық. Жеңісті күндерде жолыққанша, - деп жазды боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или