ММА

Морозов пен Нурмагомедов қаңтарда жұдырықтасады

Морозов пен Нурмагомедов қаңтарда жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC 257 турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыздың келісімшартқа қол қойғаны жайлы Arlan MMA Pro Team командасы инстаграм желісінде хабарлады.

Морозов UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедовпен кездеседі. Жекпе-жек 23 қаңтарда Конор Макгрегор – Джастин Гэтжи кездесуінің андеркартында өтеді.

Айта кетейік, Сергей Морозовтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі 24 қазанда UFC 254 турнирі аясында өтуі керек еді. Ол кезде де қарсыласы Умар Нурмагомедов болып бекітілген. Алайда ресейлік спортшы жарысқа аз уақыт қалғанда емханаға түсіп қалғандықтан, кездесуге қатыса алмаған болатын.

Сергей Морозов UFC 254 турниріне қатыспайды

Жұмағұлов - Альбази жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтетін күн анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер