Аида Сатыбалдинова қазақстандық бапкерлерді екіжүзді деп айыптады

Аида Сатыбалдинова қазақстандық бапкерлерді екіжүзді деп айыптады

Кәсіпқой рингте жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова қазақстандық жаттықтырушыларға көптен бергі ренішін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Instagram-дағы Stories бөлімінде шетелге алғаш барғанда қиналғанын, сол кезде, оған қамқор адамдар мен достары көмектескенін, ал бұрынғы жаттықтырушылары спортшыны  жеңістерінен және бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болғаннан кейін ғана еске алғанын айтты.

«Болат Серікұлы мені Бокс федерациясында жаттықтырды. Мен ол жерден кеткенде олар одан менің не үшін кеткенімді сұрай бастады. Олар мені болашағы жоқ деп сылтау айта бастады. Мен ол сұхбатты оқығаннан кейін есеңгіреп, көзіме жас алдым және оған ондай нәрсе күтпегенімді және енді онымен байланысқым келмейтінін жаздым. Ол түрлі сылтауларды айта бастады.

Мен әлем чемпионы атанып, белбеуге ие болғанда ол «Аида, жарайсың!. Сұхбат бергенде мен жайлы айтуды ұмытпа деді», - деп жазды Сатыбалдинова.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или