Қазақстандық теннисші қыздар WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық жарыстар бойынша рейтинг жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Австралиялық Эшли Барти әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап тұр, ал екінші орынға румыниялық Симона Халеп жайғасқан. Үшінші - жапониялық теннисші Наоми Осака.
Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина 19-шы, Юлия Путинцева - 28-ші, Зарина Дияс әлі күнге дейін 79-шы орында.
Жұптық сын бойынша спортшыларымыз позицияларын өзгерткен жоқ: Галина Воскобоева - 71, Анна Данилина - 135, Путинцева - 186-орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или