ҚПЛ: «Ордабасы» футболшысы «қазан айының үздік ойыншысы» атанды

ҚПЛ: «Ордабасы» футболшысы «қазан айының үздік ойыншысы» атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық клубтардың жаттықтырушылары футболдан Қазақстан чемпионатындағы «қазан айының үздік ойыншысын» анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ-ға сілтеме жасап.

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Жоао Пауло айдың үздік ойыншысы атанды. Ол 20 ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетейік, Жоао Пауло екінші рет айдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Ойыншы қыркүйек айында осы номинацияның иегері болды.

«Қайратпен» бірге чемпиондық атағын жеңіп алған Алексей Шпилевский айдың үздік бапкері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер