Мұсәділов кезекті жекпе-жегін өткізеді
20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Флорида штатының Майами қаласында жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (7-0, 7KO) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміз бұл кеште мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Мұсәділов соңғы жекпе-жегін биыл қыркүйек айында өткізді. Майамиде өткен кездесуде ол америкалық Кент Холландты (4-6-1, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, Америка бокс федерациясының (ABF) Атлантика чемпионы титулын жеңіп алған болатын.
M&R Boxing Promotions компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегінде Мелвин Лопес (23-1, 14 KO) пен Брэндон Бенитес (15-2, 6 КО) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или