Головкин – Шеремета жекпе-жегі жыл соңында өтеді

Головкин – Шеремета жекпе-жегі жыл соңында өтеді

SportBible басылымы желтоқсан айында өтетін жекпе-жектердің тізімін жариялады. Арасында Геннадий Головкиннің де жекпе-жегі көрсетілген.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегінің уақыты бірнеше мәрте кейінге шегерілген. Басылымның мәліметінше, қос боксшы арасындағы айқас желтоқсан айының 18-не жоспарланған.

Айта кетейік, Головкин – Шеремета жекпе-жегінде орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі бәске тігіледі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или