ММА

«Әшімов емес». Арман Оспановқа UFC-ден ұсыныс түскен

«Әшімов емес». Арман Оспановқа UFC-ден ұсыныс түскен
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Арман Оспанов UFC-мен келісімшартқа отыруға жақын. Бұған дейін Арман Әшімов танымал ұйыммен келісімшарт жасасқаны туралы ақпарат шыққан, бұл жалған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Arlan MMA Pro Team өкілдерінің мәліметінше, Арман Оспановқа UFC-ден ұсыныс түскен. Қазір қазақстандық файтер АҚШ-та. Спортшы ММА әлеміндегі ең танымал ұйыммен келісімшарт жасасуға жақын.

Ресейлік инсайдер Игорь Лазориннің мәліметі бойынша, қазір Арман Оспанов жұмыс визасын жасатып жатыр.

Ал таяуда қазақстандық спортшы Instagram желісіндегі парақшасында UFC-дегі файтерлердің менеджментімен айналысатын Dominance компаниясының президенті Алиаб Дельазизбен түскен суретін жариялаған еді.

- Болуы керек нәрсенің бәрі міндетті түрде болады. Қажет тақытында. Қажет жерінде. Қажет адамдармен, - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін танымал файтер Арман Әшімовтің UFC-мен келісімшарт жасасқаны жайлы ақпарат шыққан еді.

Бірақ кейін бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды. Әшімов танымал промоушенмен келісімшарт жасасқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер