Шымкентте теннистен халықаралық турнир өтті
Шымкентте ITF J3 Shymkent International Junior Tournament теннис турнирі өтті.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспсөз қызметі мәлімдеді.
Қыздар арасында жекелей сында Татьяна Николенко (Қазақстан) және Дана Байдәулет (Қазақстан) тиісінше жеңімпаз бен финалист атанды.
Қыздар арасында өткен жұптық сында сәйкесінше Сағындықова Аружан (Қазақстан) және Зубцовская Дарья (Беларусь), Бутско Дарья (Беларусь) және Синицына Мария (Қазақстан) жеңімпаз бен финалист атанды.
Ұлдар арасында жеке разрядта Михаил Горохов (Ресей) пен қарсыласы Даниэль Ибрагимов (Ресей) сәйкесінше жеңімпаз бен финалист.
Ұлдар арасында жұптық сында Даниэль Ибрагимов (Ресей) және Калинин Александр (Беларусь) жұбы, Симакин Илья (Ресей) мен Жженов Константин (Ресей) сәйкесінше жеңімпаз бен финалист болды.