ММА

Харитоновпен төбелестен кейін Яндиевке қарсы екі қылмыстық іс қозғалды

Харитоновпен төбелестен кейін Яндиевке қарсы екі қылмыстық іс қозғалды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік UFC файтері Адам Яндиевке қатысты «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Prosports.kz Mash телеграмм-каналына сілтеме жасап.

Еске салайық, 13 қарашада Мәскеуде Bellator файтері Сергей Харитонов пен UFC экс-спортшысы Адам Яндиевтің арасында төбелес басталды. Жанжал нәтижесінде Харитонов көптеген жарақаттармен ауруханаға түсті.

Дәрігерлер Харитоновқа мұрын сынуы, диссекция және ми шайқалды деген диагноз қойды. Сергей құқық қорғау органдарына жүгінген, Яндиев ұсталды. Харитоновтың адвокатының айтуынша, қазіргі уақытта 40 жастағы спортшының жағдайы жақсы емес. Дүйсенбі, 16 қарашада Харитоновқа ота жасалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер