Командалық

NBA жаңа маусымының басталатын күні мен форматы бекітілді

NBA жаңа маусымының басталатын күні мен форматы бекітілді
news-banner7
mobile-news-top

NBA жаңа маусымының қай уақытта басталатыны жайлы жаңа мәліметтер жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

Турнир 22 желтоқсанда басталады, тұрақты чемпионат 72 ойыннан тұрады. Сонымен бірге, NBA мен баскетбол ассоциациясы жарыс кезінде спортшылардың денсаулығын қорғауға арналған хаттамаларды қатаң сақтау үшін жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін оқу-жаттығу жиыны 1 желтоқсанда басталып, үш аптаға созылады, осы аралықта әр клуб үш-төрт бақылау матчын өткізеді деп хабарланған болатын.

Ал НБА жұлдыздар ойыны наурыз айының басында өтеді. Тұрақты чемпионат мамырдың ортасында аяқталады. Плей-офф мамырдың екінші жартысында басталады, финалдық серия шілденің екінші жартысында аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер