ҚПЛ: 13-турдың алғашқы екі матчының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 13-турдың алғашқы екі матчының тікелей трансляциясы

17 қазанда Алматы мен Талғар қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елорда уақытымен 13:00-де Алматыдағы «Жас Қыран» стадионының алаңына Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасы шығады. Екі команда да турнир кестесінің соңғы орындарында тұр.

Сағат 15:00-де Талғарда «Тараз» бен Қызылорданың «Қайсар» командаларының кездесуі басталады. Қызылордалықтар үздік үштікке жақындауға тырысады, ал турнир кестесінің 8-ші сатысында тұрған тараздықтар қауіпті аймақтан алыстай түсуі керек.

Екі матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Эфир мына сілтеме арқылы қол жетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или