ММА

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін қай күні өткізетіні белгілі болды

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін қай күні өткізетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Швециялық ММА файтері Амир Албази (13-1) UFC-дегі екінші жекпе-жегінде қазақстандық сарбаз Жалғас Жұмағұловпен (13-4) шеберлік сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Албази алдағы жекпе-жекті инстаграмдағы парақшасында жариялады. Жалғас Жұмағұлов пен Амир Албази арасындағы жекпе-жек 28 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Айта кету керек, Албази UFC-дегі дебютін биыл шілде айында UFC Fight Night 172 турнирінде өткізді. Кәсіби мансабын 2009 жылдың тамызында, 15 жасында бастады.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін UFC 251-те осы жылдың шілде айында өткізген еді. Жерлесіміз бразилиялық Раулиан Пайвамен төбелесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер