Қалың қалай, Қазақстан құрамасы

Қалың қалай, Қазақстан құрамасы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы түнде Беларусьтен тағы жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын нашарлатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жалпы, Ұлттар лигасындағы С4 тобы айрықша топтардың бірі екенін көзіміз көріп жүр. Командалар ең алдымен өз алаңдарында жеңіліс тапты, одан кейін сырт алаңда жеңіске жетті. Үшінші турда бір-бірімен тең түсіп, анық бір көшбасшы табылмады.

Өткен түнде Литва мен Албания тең түсіп (0:0), біздерге үміт сыйлаған. артынша Қазақ құрамасы Беларусьтен 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Былай қарасаң, көшбасшы мен аутсайдердің арасын 3 ғана бөліп тұр, алайда оны қысқарту - қиынның қиыны. Қалайша? Ол үшін Беларусь сырт алаңда ғайыптан тайып, Литваға есе жіберуі керек. Ал тіпті, литвалықтар жеңіске жеткен күннің өзінде топ басына солардың жайғасары анық. Ал Қазақстан ше? 15 қараша күні 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қатысушыларымен (!) Тиранада доп теппек. Албаниядан түзде ұпай алу дегеніңіз... Әрине Албания Португалия немесе Испания, тіпті Ресей де емес қой дерсіз. Бірақ Билектің командасының мынадай сүреңсіз ойыны жеңіске немесе тең ойынға да үміттендірмей тұр. 4 ойында 3 гол ғана соққан жігіттеріміз, сол баяғы қақпаға допты түзу тебетін шабуылшының табылмай тұрғанын тағы бір дәлелдеді. Абат Айымбетовтермен алысқа шаппасымыз анық, бірақ шекесінен шертіп жүріп кімді таңдарсыз? Щеткинді ме?!

Бауыржан Исламханның жоқтығы екі матчта да көзге ұрып тұрды. Алаңда дирижер жоқ. Әркім көрпесіне қарай көсіліп бағып жүр. Зайнутдинов ше? Жалғыздың үні шықпас. Көкірегі сайрап тұр, соны жүзеге асыратын командаластары болмай тұр. Алаңда дирижер жоқ. Әркім көрпесіне қарай көсіліп бағып жүр.Гол түгілі, жүйелі ойынды аңсадық, бар ғой...

Ұлттық құрама 15 қарашада Албанияға барады дедік. Ол жердең тең ойнасақ, ерлікке бара-бар. Араға үш күн салып, Литваны қабылдаймыз. Футболшыларымы осы ойында өлсін, тірілсін үш ұпай иемденуге тиіс. Әйтпесе, келесі жылдары Андорра, Мальталарды жеңгенімізге мәз болып жүреміз тағы.

Командалар Ойын жеңіс тең ойын жеңіліс гол айырмасы ұпай
1. Беларусь 4 2 1 1 6-5 7
2. Литва 4 1 2 1 3-4 5
3. Албания 4 1 2 1 2-1 5
4. Қазақстан 4 1 1 2 3-4 4

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер