Георгий Кичигин: Дудаевтан қарымта қайтарғым келеді
Жартылай орта салмақ санатында (77 келі) Fight Nights Global ұйымының бұрынғы чемпионы Георгий Кичигин 19 қыркүйекте ACA лигасында сәтті дебют жасады. Ол «Вестник ММА» Youtube каналына берген сұхбатында сегізбұрышқа қашан оралғысы келетінін айтты, сондай-ақ әлеуетті қарсыласын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 қыркүйекте Ресей астанасында Кичигин (24-6) ACA лигасында өзінің алғашқы айқасын өткізіп, компанияның басқа дебютанты, тәжікстандық Мамуржон Хамдамовпен кездесті.
«Мен өзіме ерекше риза емеспін - жекпе-жекті әдіс қолдану арқылы аяқтағым келген. Бірнеше рет ұмтылдым, бірақ нәтиже болмады. <span>Черси Дудаевпен реванш өткізгім келеді</span>. Басты мақсатым - осы. Ол мені өзімнің қаруыммен - әдіс қолдану арқылы жеңді. Бұлай жеңілу маған ұнамайды.
Келісімшарт туралы айтар болсам, алдағы 12 айда менде үш жекпе-жек бар. Бірақ әрі кетсе екі жекпе-жек өткіземін деп ойлаймын», - деп аяқтады Кичигин.
Кештің басты жекпе-жегінде ACA 111 Артем Резников Юсуф Раисовпен кездесіп, төрешілер шешімімен Резников жеңіске жетті.
Еске салайық, қазақстандық сарбаздар Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы және Георгий Кичигин ACA 111 турниріне «ШАХ» компаниясының қолдауымен қатысты.
Резников: Жеңісімді Қазақстанға арнаймын
ВИДЕО. Артем Резниковтың Юсуф Раисовты жеңген сәті
Нұрберген Шәріпов ACA 111 турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті