ММА

ACA 111 турнирінің жалпы карды жарияланды

ACA 111 турнирінің жалпы карды жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

ACA баспасөз қызметі алдағы ACA 111 турнирінің жалпы кардын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Александр Сарнавский (37-7) Абдул-Азиз Абдулвахабовпен (17-2) кездеседі. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы (70 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық үздік файтер Артем Резников (21-6) жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы (66 келі) Юсуф Раисовпен (16-1) жұдырықтасады.

Кештің үшінші негізгі кездесуінде қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы (11-1) жартылай ауыр салмақта (93 келі) Алексей Буторинмен (15-4) кездеседі.

Негізгі кардта жартылай орта салмақтағы бұрынғы FNG чемпионы (77 келі) Георгий Кичигин тәжікстандық Мамуржон Хамдамовпен (10-1) кездесіп, ACA лигасында дебют жасайды. Турнирдің алғашқы кардында қазақстандық тағы бір файтер Нұрберген Шәріпов (9-2) ресейлік Тамерлан Кулаевпен (11-1) кездеседі.

Айта кетейік, ACA 111 турнирі 19 қыркүйекте Мәскеуде өтеді. Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Тікелей трансляция ACA лигасының ресми сайтында қол жетімді болады.

ACA 111 турнирінің толық карды. 19 қыркүйек, Мәскеу:

14. Александр Сарнавский (37-7) – Абдул-Азиз Абдулвахабов (17-2)
13. Артем Резников (21-6) – Юсуф Раисов (16-1)
12. Асылжан Бакытжанулы (11-1) – Алексей Буторин (15-4)
11. Бехруз Зухуров (14-3) – Турал Рагимов (19-5)
10. Арсений Султанов (7-0) – Азамат Амагов (10-2)
9. Азам Гафоров (11-1) – Мансур Хатуев (8-1)
8. Лом-Али Нальгиев (17-8) – Иманали Гамзатханов (11-3)
7. Мамур Хамдамов (10-1) – Георгий Кичигин (23-6)
6. Марат Тляруков (6-1) – Айнди Умаханов (9-0)
5. Нурберген Шарипов (9-2) – Тамерлан Кулаев (11-1)
4. Михаил Балакирев (8-2) – Мехди Дакаев (10-2)
3. Олег Оленичев (14-6) – Роман Гудочкин (12-5)
2. Артур Соловьев (5-3) – Абубакар Местоев (7-1)
1. Марат Гугов (6-2) – Алексей Сидоренко (6-5).

Артем Резников және Юсуф Раисов көз арбасты

Резников, Бақытжанұлы және Кичигин Мәскеуге ACA 111 турниріне аттанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер