ММА

Артем Резников және Юсуф Раисов көз арбасты

Артем Резников және Юсуф Раисов көз арбасты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік ACA лигасы ACA 111 турниріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеудегі конференцияға Артем Резников, Юсуф Раисов, Асылжан Бақытжанұлы, Алексей Буторин, Александр Сарнавский, Абдул-Азиз Абдулвахабов, сондай-ақ компанияның директоры Алексей Яценко және лиганың негізін қалаушы Майрбек Хасиев қатысты.

Баспасөз конференциясынан кейін турнирге қатысушылар көз арбасты. Бұл рәсімге қазақстандық файтер Артем Резников (21-6) және жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы (66 кг) Юсуф Раисов (16-1) те қатысты.

19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінде Қазақстанның тағы спортшысы бақ сынайды. Асылжан Бақытжанұлы (11-1) ресейлік Алексей Буторинмен (15-4) жұдырықтасады. Негізгі кардта жартылай орта салмақтағы FNG-нің бұрынғы чемпионы (77 келі) Георгий Кичигин тәжікстандық Мамуржон Хамдамовпен (10-1) кездесіп, ACA лигасында дебют жасайды. Турнирдің алғашқы кардында қазақстандық тағы бір файтер Нұрберген Шәріпов (9-2) ресейлік Тамерлан Кулаевпен (11-1) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер