ММА

Сергей Морозов UFC-дегі дебютін «Сарбаздар аралында» өткізеді

Сергей Морозов UFC-дегі дебютін «Сарбаздар аралында» өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

ESPN беделді порталының хабарлауынша, UFC алдағы бірнеше турнирдің өтетін орны жайлы бір шешімге келді, деп жазады Prosports.kz.

27 қыркүйекте өтетін UFC 253 турнирінен бастап Fight Island-да («Сарбаздар аралы») бес турнир өтеді. Яс аралындағы соңғы кеш UFC 254 турнирі болады. Оның басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжимен кездеседі.

Америкалық промоушен Абу-Дабиде алғаш рет 12 шілдеде UFC 251 турнирін өткізді. Компания екі аптада онда төрт турнир өткізді.

Еске сала кетейік, 24 қазанға жоспарланған UFC 254 турнирінде M-1 Global чемпионы Сергей Морозов (62 келі) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедов.

Бұл турнирде Морозовтан бөлек тағы бір қазақстандық файтер, бұрынғы M-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов (77 келі) та өнер көрсетуі мүмкін. Рахмонв UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты ол турнир өтпей қалды. Ал шілтеде өткен турнирге Шавкат жарақатына байланысты қатыса алмады. Қазіргі уақытта Рахмонов Ақтөбедегі «Еркн Күш» спорт залында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай

UFC. Сергей Морозов Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер