Хоккей

«Сарыарқа» маусым алдында оқу-жаттығу жиынын қайда өткізеді

«Сарыарқа» маусым алдында оқу-жаттығу жиынын қайда өткізеді

Shaiba.kz сайтына белгілі болғандай, 31 тамызда «Сарыарқа» Алматыға аттанады, онда 12 қыркүйекке дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынының қалған бөлігі өтеді.

Қарағандылық команда «Алматы Аренада» жаттығатын болады.

Сондай-ақ, жаңа маусымға дайындық аясында Руслан Сүлеймановтың шәкірттері «Алматы» командасымен 5 және 12 қыркүйекке жоспарланған екі бақылау ойынын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0