Хоккей

Беларусь келесі жылғы әлем чемпионатын қабылдауға дайын

Беларусь келесі жылғы әлем чемпионатын қабылдауға дайын
news-banner7
mobile-news-top

Минскіде шайбалы хоккейден әлем чемпионатын - 2021 дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті Латвия бас тартқан жағдайда турнирді жалғыз өзі өткізуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионаты Рига мен Минскіде 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында өтеді. Бұған дейін Латвия премьер-министрі Кришьянис Кариньш әлем чемпионатын Беларусьпен бірге өткізбейтінін айтқан еді. Бұған себеп, көрші елдегі президент сайлауы нәтижесінде қақтығыстар болып отыр.

«Біздің шайбалы хоккейден әлем чемпионатын Латвияның ұйымдастыру комитетімен өткізу туралы келісімшарттық міндеттемелеріміз бар, бірақ егер кенеттен қандай да бір себептермен Латвия тарапы бірлескен чемпионатты өткізуден бас тартса, демек, оны өз күшімізбен өткізуге бізде ресурстар мен инфрақұрылым жеткілікті», - деп мәлімдеді Беларусь шайбалы хоккей федерациясы төрағасының міндетін атқарушы Дмитрий Басков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер