Хоккей

«Сарыарқа» құрамынан алты хоккейші кетті

«Сарыарқа» құрамынан алты хоккейші кетті
news-banner7
mobile-news-top

Алты хоккейші бірден «Сарыарқа» құрамынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптардың өзара келісімі бойынша Владимир Сохатский, Андрей Бирюков, Даниил Курашов, Марк Лыпкан, Сергей Голоднюк және Ахмед Гимбатов клубпен келісімшартты бұзды.

«Өкінішке орай, коронавирус пандемиясынан туындаған жағдай «Сарыарқаға» 2020-2021 маусымда Жоғары хоккей лигасында ойнауға мүмкіндік бермейді. Бәрі осылай болады деп ешкім елестете алмады. «Сарыарқа» жігіттерге ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және спорттық мансабында үлкен жетістіктерге жетулерін тілейді», - делінген клубтың ресми хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер