«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының ширек финалына шықты

«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының ширек финалына шықты

«Манчестер Юнайтед» футболшылары Еуропа лигасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Манчестерлік клуб 1/8 финалда «Олд Траффорд» стадионында австриялық ЛАСК командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңді. «МЮ» сапынан Джесси Лингард пен Антони Марсьяль гол соқты.

Осылайша, англиялық клуб екі матч қорытындысы бойынша 7:1 есебімен басым түсті.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или