Әлем футболы

Хамес Родригесті сатып алуға үшінші команда ниет білдірді

Хамес Родригесті сатып алуға үшінші команда ниет білдірді
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» пен Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Атлетико» сапында жалғастыруы мүмкін.

Мадридтік команда Хаместі сапына қосу үшін 15 миллион еуроға шығындалуға әзір. Алайда корольдік клуб ойыншысын мұндай бағаға сатпайтынын мәлімдеген.

29 жастағы жартылай қорғаушыға англиялық «Манчестер Юнайтед» клубы да қызығушылық танытып отыр. Бірақ олар Хамес үшін 25 миллион еуро ұсынды, ал «Реал» оны кем дегенде 35 миллионға сатқысы келеді. Ал ПСЖ мадритік клубтың сұраған ақшасын төлеуге дайын.

Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 7 матчқа ғана қатысты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер