UNDERDOG – «Жетісу» клубының ресми серіктесі

UNDERDOG –  «Жетісу» клубының ресми серіктесі

«Жетісу» футбол клубы мен UNDERDOG спорт агенттігі серіктес атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Спорт агенттігі «Жетісу» футбол клубы брендін қалыптастырумен айналысып, демеушілер тартады.

– Клубтың дамуындағы маңызды қадам. Талдықорған еліміздегі ең кішентай облыс орталықтарының бірі. Сондықтан демеушілерді іздеу қиынға соғады. UNDERDOG спорт агенттігінің көмегімен клубтың танымалдылығын арттырып қана қоймай, Алматы облысындағы футболдың дамуына үлесімізді қосамыз, – дейді «Жетісу» футбол клубының медиа-қызметкері Ілияс Бияхметов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или