Бокс

Камил Шеремета: Головкиннен жауап күтіп жүрмін

Камил Шеремета: Головкиннен жауап күтіп жүрмін
news-banner7
mobile-news-top

Поляк боксшысы Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі қашан өтетінін білмейтінін айтты.

- Камил, GGG-мен жекпе-жекке қатысты жаңалық бар ма?

- Саламатсыз ба! Мен әлі ештеңе айта алмаймын. Белсенді жаттығып, жекпе-жектің нақты күнін асыға күтіп жүрмін.

- Яғни, Геннадий Головкинмен жекпе-жек міндетті түрде өте ме?

- Өтеді деп үміттенемін. Біз Головкиннен жауап күтеміз. Мен үшін GGG сияқты үлкен боксшымен жұдырықтасу үлкен мәртебе.

- Головкинмен шайқасуға дайынмын деп ойлайсыз ба?

- Әрине. Мен бұл жекпе-жекке өткен жылдың қараша айынан бастап дайындалдым.

Шеремета промоутері: Ұлы чемпион Головкин жекпе-жектің міндетті екенін растады

Еске салайық, Головкин мен Шеремета осы жылдың көктемінде кездесуі керек еді, бірақ қазақстандық боксшының жарақатына және коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жек белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Промоутер Эдди Хирннің (GGG кеңесшісі) айтуынша, бұл жекпе-жек 2020 жылдың күзінде өтуі керек.

Айта кетейік, екі боксшы да жаттығуды бастап кетті, рингке оралуға толық дайын.

Шеремета Головкинмен жекпе-жек жайлы: Оны GGG-ден сұрау керек

Шеремета Головкинмен жекпе-жегін көрерменсіз өткізуге дайын екенін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер