Бокс

Шеремета Головкинмен жекпе-жегін көрерменсіз өткізуге дайын екенін айтты

Шеремета Головкинмен жекпе-жегін көрерменсіз өткізуге дайын екенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жегін жанкүйерсіз өткізуге дайын екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Шеремета қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы. Бірақ бұл кездесу өтетін уақыт бірнеше мәрте өзгеріп, ақыры коронавирустың кесірінен белгісіз мерзімге кейінге қалды.

«Менің мақсатым - әлем чемпионы атану. Әрине, менің чемпиондық белдік үшін жекпе-жегімді жанкүйерлердің аренадан көргенін қалаймын. Егер менде титулды кездесуді көрерменсіз өткізу немесе мүлдем өткізбеу туралы таңдау болса, бірінші нұсқаны таңдайтыным анық», - дейді Шеремета.

Бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин - Шеремета жекпе-жегінің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Айта кетейік, Головкин - Шеремета жекпе-жегі бірнеше мәрте кейінге шегерілді. Алдымен GGG 29 ақпанда шаршы алаңға шығады делінген. Одан кейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланды. Бірақ кездесу тағы да кейінге шегерілді.

Осыдан кейін сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін болжады. Бірақ бәріміз білетіндей коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі барлық спорттық іс-шара тоқтатылды.

Головкин - Шеремета жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер