Бокс

«Күшін жоғалтпады». Шеремета Головкиннің қартаюы туралы пікірін айтты

«Күшін жоғалтпады». Шеремета Головкиннің қартаюы туралы пікірін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Польшалық боксшы Камил Шеремета алдағы ықтимал қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің қартайғаны туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Шереметаның пікірінше, Головкиннің жасы ұлғайғанымен, ол күшін жоғалтпаған.

«Иә, иә, (Головкиннің үздік жылдары артта қалды). Бұл бірақ бәрібір Головкин ғой. Ол баяу бола бастаған, себебі жақында 40-қа толады. Оның әлі де мықты екенін білемін. Бапкерім Федор Лапин жылдамдық жас ұлғайған сайын азаяды, бірақ күш азаймайды дейді. Джордж Форман суперауыр салмақта чемпион атанғанда 45 жастағы ер адам болған еді. Себебі оның тәжірибесі мен күші болды», - дейді поляк боксшы.

Сұхбат барысында Шеремета Головкинді жеңуді ғана ойлайтынын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер