русский язык
Бокс

Шеремета промоутері: Ұлы чемпион Головкин жекпе-жектің міндетті екенін растады

Шеремета промоутері: Ұлы чемпион Головкин жекпе-жектің міндетті екенін растады
news-banner7
mobile-news-top

KnockOut Promtions президенті және Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) промоутері Анджей Васильевски поляк боксшысының Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Камилдің шайқасы өтетін күнді ұзақ күттік. Головкин бұқаралық ақпарат құралдарында өзін Шереметамен жұдырықтасуға міндетті деп санайтынын растады. Бұқаралық ақпарат құралдары жекпе-жектің тамыздың ортасында Калифорнияда өтуі мүмкін деп хабарлады, бірақ менде нақты ақпарат жоқ», - деді Василевский Ring TVP Sport үшін.

Айта кетейік Шеремета IBF титулына міндетті талапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;