ММА

Жалғас Жұмағұлов қатысатын турнирді қайдан көруге болады?

Жалғас Жұмағұлов қатысатын турнирді қайдан көруге болады?
news-banner7
mobile-news-top

12 шілде күні таңертең қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) UFC құрамасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Абу-Дабидегі (БАӘ) UFC 251 турнирінде ол бразилиялық Раулиан Пайвамен (19-3) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ММА жанкүйерлері бұл жекпе-жекті тікелей эфирде - Qazsport телеарнасында, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 03:55-те көре алады. Кештің басты жекпе-жегінде Камару Усман және Хорхе Масвидаль кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмағұлов пен Пайва «Сарбаздар аралына» жетіп, коронавирусты міндетті тексерістен өтті. Жалғас үшін бұл UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі болса, Пайва бұл ұйым ұйымдастырып отырған төртінші жекпе-жек болмақ.

UFC президенті ұйымның алдағы жоспарымен бөлісті

«Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер