Вагнер Лав «Қайрат» сапына қосылды

Вагнер Лав «Қайрат» сапына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав алматылық «Қайрат» сапына ауысатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаңа сынаққа өте қуаныштымын», - деп жазды Вагнер Лав өзінің Instagram парақшасында.

Бірнеше апта бұрын 35 жастағы шабуылшы бразилиялық «Коринтианспен» келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесіне ие болған еді. Ойыншының Мәскеуге ЦСКА-ға оралғаны туралы ақпарат болды, бірақ ауысу жүзеге аспады.

Вагнер Лав өзінің мансабында «Палмейрас», ЦСКА, «Фламенго», «Шаньдун Лунэн», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» командаларында ойнаған. Бразилия құрамасы үшін ол 20 матч өткізіп, төрт гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер