Пиерос Сотириу: Мақсатымыз - Чемпиондар лигасының топтық кезеңі

Пиерос Сотириу: Мақсатымыз - Чемпиондар лигасының топтық кезеңі
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» шабуылшысы Пьерос Сотириу Super Sport FM 104.0 радиостанциясына берген сұхбатында қазақстандық клубта жеке және командалық деңгейде қандай мақсаттар қоятындығын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Біз маусымды жақсы бастадық, Суперкубокты жеңіп алдық, чемпионатта көш бастап тұрмыз. Қараша айында алғашқы чемпиондығымды осында тойлаймын деп үміттенемін. Қазақстан Кубогын жеңіп алғымыз келеді, бірақ біздің басты мақсатымыз - Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі. Мен үшін "Астанаға" ауысу туралы шешім қабылдау қиынға соқты, бірақ мен дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Қалғанының бәрі өткеннің еншісінде», - деді Сотириу.

Осы маусымда Пьерос Сотириу 4 матчта 3 гол соқты, содан кейін наурыздың ортасында коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан чемпионаты тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер