Қазақстан чемпионаты 15 маусым немесе 1 шілдеде жалғасады

Қазақстан чемпионаты 15 маусым немесе 1 шілдеде жалғасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы өз басшылығы мен клубтар өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚФФ президенті Олжас Абраев футбол маусымын жалғастырудың екі нұсқасын ұсынды. Олардың біріншісі турнирді 15 маусымда, екіншісі 1 шілдеде қайта өткізуді қарастырады.

Екі жағдайда да маусымның қалған матчтары көрерменсіз өтеді. Әзірленген жоспарлардың әрқайсысын орындау үшін өкілетті органдардың рұқсаты, сондай-ақ қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар қажет.

«Біз 1 шілдеде маусымның жалғасын көруге бейімбіз» - деді Абраев Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

Еске салайық, Қазақстан чемпионаты екі турдан кейін 16 наурызда үзілді. Турнир кестесінің көшін «Астана» бастап тұр. Елордалық команда үш турда 7 ұпай жинады. ҚР-2020 кубогының форматы да маусымның тығыз күнтізбесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер