Хоккей

Құрлықтық кубокқа Қазақстан атынан «Ертіс» хоккей клубы қатысады

Құрлықтық кубокқа Қазақстан атынан «Ертіс» хоккей клубы қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық кубоктың 2020-2021 жылғы маусымына Қазақстан атынан павлодарлық «Ертіс» хоккей клубы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейден Қазақстан чемпионаты елде енгізілген карантинге байланысты мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Жарыстың ұйымдастыру комитеті маусымның жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтамау жайлы шешім қабылдады.

Ал Құрлықтық кубокқа қай команданың қатысатыны туралы шешім 17 наурызда өткен хоккей клубтары жетекшілерінің кездесуінде қабылданды.

Кезекті маусымның қорытындысы бойынша «Арлан» жеңімпаз атанған. Алайда көкшетаулық клуб Құрлықтық кубокқа қатысудан бас тартты. Сол үшін олардың орнын екінші орын алған павлодарлық «Ертіс» алмастырды. 24 маусымда өтетін IIHF кезектен тыс конгресінде Құрлықтық кубоктың жаңа форматы туралы ұсыныс қаралады. Ұсыныс - турнирдің бірінші кезеңін алып тастап, үш кезеңнен тұратын жаңа форматты іске қосу.

Жаңартылған турнир іріктеу кезеңінен басталады. Бұл кезең 2020 жылдың 16-18 қазан аралығында өтеді. Одан кейін топтық кезең өтеді, онда 16 команда төрт топқа бөлініп бақ сынайды. Топ жеңімпаздары 2021 жылдың 8-10 қаңтары аралығында өтетін Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіне қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер