ММА

Абдулманап Нурмагомедов тағы да ес-түсінен айырылды

Абдулманап Нурмагомедов тағы да ес-түсінен айырылды
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов тағы да ес-түсінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz «Мутко Против» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Абдулманап Нурмагомедовтің жағдайы нашарлады. Дәрігерлер оны тағы да ЭКЖO құрылғысына қосу керек болды.

Бірнеше күн бұрын Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі өзін жақсы сезінген. Дәрігерлер да оңалып келе жатқанын айтқан еді. Алайда кеше Абдулманап тағы да ес-түссіз қалды.

Қазір ол өздігінен дем ала алмай, экстракорпоралды жарғақтыы оттектендіретін аппаратқа қосылған», - делінген арнаның хабарламасында.

Еске салайық, 25 сәуірде үлкен Нұрмагомедов Дағыстандағы ауруханалардың бірінде пневмониямен ауруханаға түсті. Мамыр айының басында Хабибтің әкесінің жағдайы нашарлап, 3 мамырда оны Мәскеудегі емханаға алып кетті.

19 мамырда Хабиб Нурмагомедов өзінің Инстаграмдағы парақшасында әкесінің жағдайы туралы айтты.

Абдулманап Нурмагомедов - UFC файтерлерімен қатар көптеген чемпиондарды тәрбиелеген Ресейдің құрметті жаттықтырушысы. Сонымен қатар, белгілі жаттықтырушының басшылығымен самбодан 18 әлем чемпионы шықты. Бұл жетістік оған Гиннестің рекордтар кітабына енуге мүмкіндік берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер