«Қайрат» Беларусь құрамасының футболшысына көз тікті

«Беларусь 5» телеарнасының хабарлауынша, алматылық «Қайрат» Беларусь құрамасының қорғаушысы Денис Поляковқа көз тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сондай-ақ, брестік <span>«Динамоcы» да</span> 29 жастағы қорғаушыны қызығып отыр. Бұған дейін Поляков тағы бір Беларусь клубынан - Солигорск <span>«Шахтерынан»</span> бас тартты. Денистің соңғы клубы ресейлік «Урал» болды: 2019/20 маусымда ол 19 ойын өткізіп, наурыздың соңында клубтан кетті.
Transfermarkt.de порталы футболшыны 800 мың еуроға бағалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или